Русский Сайттың толық нұсқасы

Сирия келіссөзіне БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Стаффан де Мистура келеді

  • AstanaTV
  • 27 қараша 2018
  • 1922

Астанада өтетін Сирия келіссөзіне БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Стаффан де Мистура келеді. Ол бақылаушы ретінде қатысады. Сондай-ақ, Иордания делегациясы да процесті қадағалауға келеді. Бұл туралы «Интерфакс» Сыртқы істер министрлігінің өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады. Бүгін алғашқылардың бірі болып Иран тарапы елордаға табан тіреген. Сириялық реттеудің алғашқы күні, яғни, қарашаның 28-де сарапшылар деңгейінде екіжақты және үшжақты консультациялар өтеді. Пленарлық отырыс 29-шы қарашаға жоспарланған. Бұған дейін тараптардың барлығы қатысатыны айтылды. Ал, бұл жолы Ресей делегациясын Путиннің арнайы өкілі Александр Лаврентьев басқармақ.  

Г. Меңдеева