Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда мыңнан аса мемлекеттік қызметкер жер және мүлік салығына 25 миллион теңге қарыз

  • AstanaTV
  • 27 қараша 2018
  • 1782

Алматыда мыңнан аса мемлекеттік қызметкер жер және мүлік салығын төлемеген. Осылайша, борышкерлер қарызы 25 миллион теңгеге жетіп отыр. Бұл туралы қалалық кірістер департаментінің өкілі айтты. Жер мен мүлік салығын өтеу 1 қазан күні өтіп кеткен. Борышкерлер тізімін саралаған салық органы полиция қызметкерлері, төтенше жағдай департаменті мамандары, банк, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, тағы басқа азаматтардың қарызын беруге асықпайтынын анықтап отыр. Әсіресе, полицейлер мен әскери сала мамандары алдыңғы орында тұрған көрінеді.  

Арман НАЗАР,  АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ ӨНДІРІСТІК ЕМЕС ТӨЛЕМДЕР БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: 

Мемлекеттік кірістер органдарымен аталған борышкерлерге бұдан да басқа бюджет алдында қарызы бар борышкерлерге хабарламалар жолдануда. Хабарламалардың мерзімі аяқталған уақытта салықтық бұйрық шығарылып, аталған бұйрықтың негізінде хат жеке сот орындаушыларына жолданатынын хабарлаймыз.

О. Нұржақып