Русский Сайттың толық нұсқасы

Зейнетақы қорының 150 миллион доллары «Қазатомөндіріс» акцияларына салынды

  • AstanaTV
  • 27 қараша 2018
  • 2062

Зейнетақы қорының 150 миллион доллары «Қазатомөндіріс» акцияларына салынды. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады. Қор жуырда Лондон мен Астана биржаларына шыққан Ұлттық компанияның 13 млға жуық акциясын сатып алды. «Қазатомөндіріс» әу баста берген тапсырысты толық қанағаттандырды. Ұлттық банк Зейнетақы қорының қаражаты алдағы уақытта өтетін квазимемлекеттік компанияларға да салынады деп отыр.  

ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК:

БЖЗҚ активтерін «Қазтомөндіріс ҰК» АҚ-на инвестициялауға уран өндіру кезіндегі бәскелестік жағдайда компанияның күштірек болуы, соның негізінде қаржылық түсімдері тұрақты және уран бағасының өсуі келешекте табысты арттыратыны, оған қоса бос ақшаларды басқару қабілеті жоғары компанияның тұрақты дивиденд төлей алатыны себеп болды.

М. Дюсекина