Русский Сайттың толық нұсқасы

Жемқор қос министрдің ісін тексеру аяқталды

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2018
  • 1971

Жемқорлық фактісімен бірінен кейін бірі қамалған Энергетика вице-министрлерінің қылмыстық ісін тергеу аяқталды. Бұл туралы Интерфакс агенттігі Жемқорлықпен күрес агенттігінің басшысы Алик Шпекбаевқа сілтеме жасап хабарлады. Бұған дейін Ұлттық бюро Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібековті сыбайластарымен 1 миллиард теңге жымқырды деп айыптады. Ол Шучинск-Бурабай курортты аймағындағы көлді тазарту үшін бөлінген қаражат. Ал, Бақытжан Жақсыалиев су жүйелерін тарту жұмысы артық бағаланғанын біле тұра, актілерге қолын қойған деген күдікке іліккен еді. Энергетика вице-министрінің тағы бірі Анатолий Шкарупа да Саран қаласы әкімі болған тұста сыбайластарымен 215 миллион теңгені қолды деген күдікпен жақында қамауға алынды. Осылайша жемқорлық дерекутермен ведомствоның үш бірдей вице-министрі тергеліп жатыр.  

У. Қабылтайұлы