Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбылда жасырын жолмен 20 тонна спирт тасымалдағандар ұсталды

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2018
  • 2456

Терезе тазалайтын сұйықтық спирт болып шықты. Жамбылда жүк көлігімен 20 тонна этил спиртін жасырын тасымалдаған екі адам ұсталды. Жамбылдық полицейлер бұрын-соңды мұндай қылмыс тіркелмегенін айтады. Күдік туғызған көлік «Тараз-Меркі» тас жолында тексерілген. Тоқтатылған транзиттік автокөлік ішінен 1 000 литрлік 20 дана бөшке табылған. Жүргізуші тауарды Алматыға алып бара жатқанын айтқан. Ал, оны Тараздағы бір серіктестіктен алып, көрші қаладағы келесі бір компанияға жеткізбек болыпты. Тәркіленген спирт құжатта көлік терезесін тазалайтын көк түсті сұйықтық деп көрсетіліпті. Спирт тасымалдаған екі азамат та Тараз қаласының 50 жастағы тұрғындары.  

Асхат АЛМЕТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПД ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:   

Алдап алып бара жатқан. Олардың құжаттары басқа. Негізі бұл біздің тәжірибеде бірінші дерек болып тіркеледі. Мұндай деректер бүгінгі күнге әлі тіркелмеген. Біздің республикамызда тіркелмеген деп айтуға болады. Күдікті болғандар қазір қолхатпен жіберілген. Бұрын ешқайсысы да сотты болмаған. Қазір 214-ші баппен іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Д. Әлімқұл