Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» БПҰ-ның жұмысындағы жаңа тәсілдер билік пен бұқараның мәселесін оңтайлы шешуге септеседі

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2018
  • 4382

Шымкентте «Нұр Отанның» Бастауыш партия ұйымдары өз жанынан қоғамдық қабылдау бөлімшелерін ашпақшы. Бұл жергілікті халықтың мұң-мұқтажы мен қажетін сол жерде-ақ тыңдап, дер кезінде шешуге мүмкіндік береді деп сенеді. Алғаш болып 800-ден астам мүшесі бар «Достық» бастауыш партия ұйымы осы жұртшылықтың талап-тілегін тыңдауды бастамақ. Мирас шағын ауданынан оларға кәсіпкер бір бөлме беріпті. Сондай-ақ, бас қосуда Бастауыш партия ұйымдары жұмысындағы жаңа тәсілдер де сөз болды. Соның бірі цифрлы технологияны кеңінен қолдану. Бастауыш партия ұйымы жетекшілерін кадрлық резевтерді өздері ұсына алатыны да қатты қуантып отыр.  

Жанар ОҢЛАНБЕКОВА, «ӨНЕР» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: 

Бұл жастарға жаңа мүмкіндік жұмыс істеулеріне және біріншіден, БПҰ-на деген халықтың сенімін алып келеді, партия мүшелерінің сенімін алып келеді, партия мүшелері мысалы алатын болсақ Елбасымыздың жолдауларын бұрын тек қана насихаттап, немесе халыққа түсіндіру жұмыстарымен ғана айналысатын болса ендігі кезекте әрбір партия мүшесі осы жолдауда айтылған жұмыстарға өз үлестерін қосып жұмыс атқара біледі.

Ал, Батыс Қазақстан облысындағы бастауыш партия өкілдері әлеуметпен жұмысты әлеуметтік желіде күшейтуге үндеді. «Нұр Отан» партиясының Тасқала аудандық филиалының жетекшілері мен белсенділерінің сөзінше билік пен бұқараға дәнекер болуда әлеуметтік желілердің маңызы орасан. Атқарылған жұмыстардан тұрақты хабардар етіп тұруға да септігі мол. Осының негізінде халықпен екіжақты байланыс орнатылмақ.   

Т. Оспанбаева