Русский Сайттың толық нұсқасы

БЖЗҚ 12 млрд. теңгені Перу елінің құнды қағаздарына салды

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2018
  • 2312

Қазақстан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Оңтүстік Америкадағы бағалы қағаздарға қаржы салды. Бұл туралы зейнетақы қорының ресми сайтында хабарланған. Нақтырақ айтсақ, Перу мемлекетіндегі құнды қағаздарға 12 млрд. теңгеге бағаланған инвестиция салынғаны жазылыпты. Ресми сайттағы ақпаратқа қарағанда шетелдік құнды қағаздарға құйылған қаражаттан Қор жылдық мөлшерлемесі 4,2 пайыздық пайда таппақ. Сондай-ақ, Филиппин құнды қағаздарына 1 млрд. 400 млн теңге, ал Түркияға 15 млрд. теңге және АҚШ құнды қағаздарына 74 млрд теңге жұмсалғаны туралы ақпараттар пайда болды. Айта кетейік, БЖЗҚ қорының қазір қаражаты 9 трлн. теңгеге жуықтады. Жыл басынан бері Қор инвестициялық табысы 9 пайызға артып, 700 млрд. теңге пайда көрген. Оның негізгі қаражаты мемлекеттік құнды қағаздар нарығына салынған. Оның көлемі 4,5 трлн. теңгеге тең.  

Р. Асқарбекұлы