Русский Сайттың толық нұсқасы

Монополистер тарифтен түскен пайда мен шығын туралы есеп беруі тиіс-Н. Нығматулин

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2018
  • 2432

Монополистер жыл сайын өз тарифтерінен түскен пайда мен шығын туралы жергілікті билікке есеп беріп отыруы тиіс. Ал, тарифтерді өзгертуге қатысты қоғамдық тыңдаулар да тиісті деңгеңде ұйымдастырылуы қажет. Мәжілістің пленарлық отырысында төменгі палата төрағасы Нұрлан Нығматулин осылай деді. Онда Ұлттық экономика министрі табиғи монополияларды реттеу туралы заң жобасын таныстырған болатын. Мәжіліс төрағасы қоғамдық тыңдаулар қалай болса, солай өтеді деп отыр. Ал, халық талқысына түскені не түспегені бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғанымен, оны көбі оқымайды. Сондықтан, бұл мәселені заңды түрде реттеу керек. Осылай деген Нұрлан Нығматулин монополистердің қоғамдық тыңдауларға әкелетін құжаттары да баршаға түсінікті болу шарт деді.  

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Кейбір өтінімдерде 200 мың бетке дейін осындай құжаттар. Енді ол қарапайым азамататтарға, жарайды, қарапайым азаматтарды айтпағанда тәжірибелі мамандарға да шамасы келмейтін болар. Әрбір адам бекітілген тариф бойынша өз көзқарасын дәледеп жеткізу үшін осындай ақпарат қолжетімді болуы керек.

- Келісеміз...

Г. Тасболатқызы