Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент мақаласынан кейін Тобыл өңірінде төл тарихққа қызығушылық артқан

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2018
  • 2513

Тобыл өңірінде өлкетану үйірмелеріне қатысатын өрендер саны артып, музейге келушілер көбейген. Мамандардың айтуынша, Президенттің мақаласынан кейін төл тарихты тануға, жаңа қырынан зерттеуге үлкен қызығушылық байқалады. Ал, архив деректерін, ата-бабалардың сан ғасырлық мұрасын цифрлық форматқа көшіру-ұлы мұрат. Нұрсұлтан Назарбаев мақаласында айтылған ұлы бастамаларды жүзеге асыру жұмыстары Тобыл өңірінде қолға алына бастаған. Мұндағы музейлер ел тарихының ел-жұртқа қолжетімді болуы үшін сандық форматқа көшіріп жатыр.  

Екатерина СМЫШЛЯЕВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:  

Елбасы мақаласындағы төл тарихымызды қолжетімді форматқа көшіру керек деген тапсырмасы-өте маңызды. Өйткені, ақпаратты өскелең ұрпақ санасына, жалпы жаһанға заманауи форматта кинотуындылар, мультфильмдер арқылы жеткізу көзделіп отыр. Менің ойымша, ең маңыздысы осында.

З. Санай