2020 жылы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге субсидия жаңадан құрылатын қауымдастықтар арқылы беріледі. Бұл туралы Ауыл шаруашлығы министрінің бірінші орынбасары Арман Евниев айтты. Алдымен 4 қауымдастық құрылмақ. Ол мал, егін шаруашылығы және азық-түлік пен құс өнімдері ұйымдары. Мемлекеттен көмек алған шаруашылықтарға өнімдерін шетелге экспорттауға көмек көрсетіледі. Вице-министр әйтпесе шаруалар субсидияға әбден жаман үйреніп алғанын айтады. Мемлекеттен мол ақша алғандардың ары қарай кәсіптерін жалғастырғысы жоқ көрінеді. Сосын кәсібін дөңгелетпегендер келесі жылы тағы алақан жаяды. Сондықтан, субсидия кәсіпкерлер үшін есірткідей болып кетті дейді.
Арман ЕВНИЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
10 жылдан бері бір гектарға субцидия беруден бас тартып келеміз. Әбден үйреніп алған бір гектарға технология қолданады ма жоқ па, егін шығарылымы көп пе, аз ба, ала береді. Субсидия ешқандай талап қоймайды. Ол оңай болған жоқ. Әбден үйреніп алған, кейін наркотик сияқты ғой ол.
У. Қабылтайұлы