Русский Сайттың толық нұсқасы

2025 жылы 1 млн жаңа жұмыс орны ашылады-Б.Сағынтаев

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2018
  • 1991

Алдағы 7 жылда елде 1 миллион жұмыс орны ашылмақ. Үкімет бұл мамандарға жұмыс орнын қарастыруы керек. Бірқатар шетелдік инвесторлар мен халықаралық сарапшылар қатысқан форумда Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев осылай деді. Нарықтағы талаптың тым жоғары болуынан алда 140 мың мамандық жойылып кетуі мүмкін. Сондықтан, сарапшылар барлық мамандық өкілдеріне қайта даярлықтан өтуге тура келеді деп отыр.  

Бақытжан САҒЫНТАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: 

Ескі мамандық түрлерінің жойылып, жаңа мамандықтың пайда болуы біздің алдымызға жаңа мүмкіндіктерді игеру қажет деген талап қойды. Яғни, еңбек ресурстарына кез келген қазақстандық қабілетті әрі дайын болуы қажет. Сондай-ақ, технология мен инновация жаңа мамандықтың нарыққа келуіне әсер етті. Алдағы уақытта болжам бойынша 10 пайызға жуық мамандық түрлері жаңа саламен ауысады.

А. Бектас