Русский Сайттың толық нұсқасы

2019 жылы жалпы ішкі өнім өсімі 3,5%-ға дейін төмендейді-Дүниежүзілік банк сарапшылары

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2018
  • 9614

Келер жылы жалпы ішкі өнімнің төмендеуі мұнай бағасының құбылмалылығына байланысты болмақ. Бүгін Дүниежүзілік банк сарапшылары Қазақстандағы жалпы ішкі өнім өсімі 3,5%-ға дейін төмендейтінін болжады. Министрліктің болжамы 3,8 пайыз. Сарапшылар Қазақстан шикізат экспортына тәуелді, ал оны әртараптандыру жұмыстары жүргізіліп жатпағанын айтады.  

Хулио РЕВИЙА, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТІҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ БОЙЫНША ЖЕТЕКШІ ЭКОНОМИСІ:

Қазақстан экономикасының өсуін жеделдету үшін нарық ішінде бәсекелестіктің өсуін қамтамасыз ететін құрылымдық реформалар қажет. Сондай-ақ, барлық кәсіпорындар үшін жағдайды қолайлы ету керек. Сонда жекеменшік кәсіпорындар саны артады. Ал, қазір елде мемлекеттік кәсіпорындар саны басым.

Ә. Өмірзақ