Русский Сайттың толық нұсқасы

Өңірлерде 327 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр-ҚР ИДМ

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2018
  • 2690

Алдағы жылдары өңірлерді дамытуға арналған 327 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылмақ. Олардың жалпы құны-653 млрд теңгеден сәл асады. Соның ішіндегі 150 жоба жылумен жабдықтау және сумен қамтамасыз ету жүйелерін қалпына келтіруге бағытталған. Бұл мәліметті бүгін Инвестициялар және даму вице-министрі «Нұр Отан» партиясының жиынында айтты.  

Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Алдын-ала сараптама жасап көрдік. 148,2 млрд теңге болатын 177 жоба жоғары басымдыққа ие болып отыр. 478,6 млрд теңгеге айналатын 134 жоба орташа, ал 9 жоба төменгі басымдыққа ие. Аталған әр бағыт бойынша кейін жол картасы жасалып, жобаларды жүзеге асыру тетіктері қарастыралатын болады.

Ал, мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов кейбір елдімекендердің арасын жалғайтын трассалардың қараусыз қалғанына бақандай 20 жылдан асып кеткенін айтты. Комитет жыл сайын жоспарға енгізеді. Бірақ, жеме-жемге келгенде жол жөнделмей қалады деп оытр.  

Нұртай САБИЛЬЯНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Өйткені, бұлар бюджеттік өтінімді берген кезде бір жобаларды тапсырады, ал енді Үкіметтің қаулысы шыққан кезде бюджет қабылданып, онда басқа жобалар көрсетіледі. Сондықтан да біз осы мәселеге тиісті құқықтық-нормативтік актілерге өзгерістер енгізуді қарастырып отырмыз. Өйткені, жергілікті жерлердегі жолдардың мәселесі өте өзекті. Халық жөндеуді талап етіп отыр. Бөлінген 150 млрд қаражатты, тиімді, мақсатына сай игеруді қамтамасыз ету керек.