Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент кеңсесіне жылына 20 мың хат келіп түседі

  • AstanaTV
  • 30 қараша 2018
  • 3324

Президент кеңсесіне жылына 20 мың хат келіп түседі. Олардың 95 пайызы Елбасының атына жолданады. Президент кеңсесінің айтуынша, Мемлекет басшысы қауырт қызметтің арасында хаттармен танысып, тіпті жауап та жазып үлгереді. Себебі, ол әр өтінішітің артында адам тағдыры тұрғанын анық сезінеді. «Азаматтардың қиындықтарды жеңуіне қолғабыс қылып, ел мүддесін ерекше назарда ұстайды»-дейді.  

Махмұд ҚАСЫМБЕКОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Жұмыс барысында кейде асығыстау жазылған сол хаттардың көбінен Елбасымыздың жан толқынысын, жүрек тебіренісін, азаматтарына деген үлкен құрметі мен алғысын сезінуге болады. Осының бірі мемлекет басшысының әлемдік денгейдегі үлкен саясаткер, үлкен ойшыл тұлға ғана емес, ең алдымен қайырымды әрі халқын жанындай сүйетін азамат екенін көрсетеді.

Ал, биыл 15 мың хаттың 87 пайызы Президенттің атына келіп түскен. Көбіне жасөспірімдер мен дарынды жастардан хат алған. Талантты жасөспірімдердің өтініші жауапсыз қалмаған. Оның бір дәлелі Елбасының қорының арқасында 7 жасар Бибінұр қолдау тапты. Ол жақында ғана Санк-Петербургта өткен сайыста 8 минутта 150 есеп шығарып, әлемдік рекорд орнатты.  

Бибінұр МАҚСҰТХАН, МЕНТАЛДЫ АРИФМЕТИКАДАН ЖЕҢІМПАЗ:  

Құрметті, біздің Президентіміз, біз сізді Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Біз жастар Қазақстанның болашағымыз.

Президент пен бұқара арасындағы хат диалогы мен сан мыңдаған адамның шешілген мәселелері жайлы «Елбасына хат» жобасын ертең сағат 14:20-да «Астана» арнасынан тамашалай аласыздар.  

Д. Сапарқызы