Русский Сайттың толық нұсқасы

Израильде қыздар да әскери міндетін өтеп шығады-Н.Назарбаев

  • AstanaTV
  • 30 қараша 2018
  • 3915

Израильде қыздар да әскерге барып, Отан алдында өз міндетін өтейді. Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы өкілдерімен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев осылай дейді. Мемлекет басшысы бірқатар елде жігіттер де, қыздар да бірге әскери шепте тұрып, елін, жерін қорғайтындығын айтты. Және «Жас сарбаз» қатарына жастарды көп тарту керегіне тоқталды. Президент рухы мықты халықтың болашағы да зор болатындығын атап өтті.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Мысалы, Израиль мемлекетін алатын болсақ, барлық қыздар әскери міндетін өтеп шығады. Ел қорғау-барлық жұрттың, халықтың мойында тұрған міндет. Ата-бабамыз аманат еткен осы кең байтақ жерді қалай сақтап қалдық? Жанқиярлық батырлықтың арқасында, қан төгіп, тер төгудің арқасында аман алып қалдық. Сол бабаларымыздың рухы бізде болуы керек. Жастарымыздың барлығы осы ұйымға кірулері керек. Денелерін шынықтырып, әскери мамандықты игеріп, Қорғаныс министрлігімен бірге жұмыс істеп, болашақ отан қорғаушыларды, елдің болашақ азаматтарын тәрбиелеуге ат салысуы қажет. Сонда сіздер Президенттің де, елдің де тірегі бола аласыздар. Сол үшін біз жиналып отырмыз. Сол үшін мен сендердің араларыңа келіп отырмын.

«Жас сарбаз» бірлестіген кілең «Сен тұр, мен атайын» дейтіндей жан-жақты жастар қосылған. Олар өз замандастарына былайша үндеу тастады.   

Мы призываем всех своих друзей, ровесников по всей стране отарваться от компьютеров и идти читать книги, заниматься спортом, всутпать в ряди «Жас сарбаз». Только тогда нас станет больше. Настоящих патриотов Казахстана!  

М. Дюсекина