Русский Сайттың толық нұсқасы

16 әуе бағытты субсидиялау үшін конкурс жарияланды

  • AstanaTV
  • 30 қараша 2018
  • 2794

Үкімет елдің өңірлерін жалғайтын 16 әуе бағыт бойынша субсидия бөлмек. Ол үшін әуекомпаниялар арасында конкурс өткізіледі. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Конкурсқа шығарылған бағыттардың 10-ы туризмді дамытуға арналған. Осылайша, Алакөл, Балқаш көлдері, Бұқтырма су қоймасы мен Бурабайға жету жолдары қысқарады. Конкурсқа шығарылған әуе бағыттар мен олардың тарифтері көрсетілген. Бағасы 4 мыңнан 24 мыңға дейін барады. Әуе билеті ең арзан рейстер елдің шығысын бір-бірімен жалғамақ. Мысалы, Өскеменді Семеймен және Үржармен жалғайтын ұшақ билеті 4-ақ мың теңге деп бекітілді. Ал, конкурс шарты бойынша субсидия алуға жолаушы тасымалына рұқсаты бар елдің кез келген әуе компаниясы қатыса алады.Баянауыл әуежайы пайдалануға берілгеннен соң Астана-Баянауыл, Алматы-Баянауыл, Павлодар-Баянауыл бағыттары субсидияланбақ.  

Г: Тасболатқызы