Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚТЖ қарағандылық диірменшілерге Ауғанстанға ұнды Түркменстан арқылы тасымалдауды ұсынды

  • AstanaTV
  • 30 қараша 2018
  • 3043

Ал, «Қазақстан темір жолы» қарағандылық диірменшілерге Ауғанстанға ұнды Өзбекстан арқылы емес, Түркменстан арқылы тасымалдауды ұсынды. Теміржолшылардың айтуынша, қазір Өзбекстанның Ташкент теміржол қиылысында жүк кептелісі пайда болған. Сондықтан, ұн діттеген жеріне дер кезінде жеткізілмей отыр.  

Азамат СЕКЕН, «ҚТЖ-ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» ҚАРАҒАНДЫ БӨЛІМШЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл Түркменстан арқылы өтетін жаңа бағыт. Бұл жаңа бағытпен ұн тасымалданса вагондардың айналымы қысқарады, 20-30 күннің орнына 10-12 күн ғана жол жүреді. Сәйкесінше көбірек жеткізуге болады.

Теміржолшылар ұн тасымалдаушылардан әзір тапсырыс түспегенін айтады. Бір кемшілігі - жаңа бағытпен Ауғанстанға жүк жеткізу аздап қымбаттауы мүмкін. Алайда ол жолдың ұзақтығына байланысты. «Қазақстан темір жолы» жылдам жүретін жаңа тепловоздарды іске қоспақшы. Қыркүйек айынан бері Қарағандыдан Ауғанстанға 150 вагон ұн мен астық экпортталған. 

А. Қуаш