Мемлекет басшысы бүгін Ақан Сатаев түсірген «Елбасы жолы. Астана» атты фильмнің көрсетіліміне қатысты. Картина-Қазақстан Президенті туралы киноэпопеяның алтыншы бөлімі саналады. Көркем туынды Астананың қалыптасу тарихына арналған. Фильмде 1994 жылғы шілде айында Қазақстанның бас қаласын Алматыдан Ақмолаға көшіруге байланысты қабылданған шешімнен бастап, елорданың осы күнгі тыныс-тіршілігіне дейін толық қамтылған.
Впервые Казахстан, казахи выбрали место своей столицы, построили в кратчайший период. Было же время когда не верили в возможность такого создания. Действительно тяжелое время было, не хватало денег, желаний не было, сопротивление было.
Нұрсұлтан Назарбаевтың сол елең-алаң тұстағы үзеңгілес жолдастары көркем фильмге кеңесші болды. Ал басты рөлді сомдайтын-Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мұрат Ахманов. Айта кетейік, бұған дейін киноэпопеяның «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен», «Теміртау», «Жұлдыздар тоғысқанда» және «Тығырықтан жол тапқан» атты бөлімдері түсірілген болатын.