Русский Сайттың толық нұсқасы

Керчь бұғазындағы тайталас... Үлкен Дж.Буш дүние салды

  • AstanaTV
  • 01 желтоқсан 2018
  • 2712

25 қарашада таңертең Керчь бұғазында Ресей әскерилері украин кемелерін атқылап, ұстап әкеткен. Бірнеше әскери жараланған. Ресей украин кемелерін территориясына "заңсыз кірді" деп айыптаса, Украина кемелердің бұл аумақтан өтетіні "алдын-ала ескертілгенін" айтып, Ресей әрекетін "бассыздық" деп атаған. Украина парламенті жанжалға байланысты 28 қарашадан бастап елдің бірқатар аймағында 30 күнге әскери жағдай жариялауды мақұлдады.  

Батыс елдерінің басшылары Ресейді айыптап, украиналық теңізшілер мен кемелерді босатуға шақырды. Ресей Қырымды аннексиялап алғаннан кейін Керчь бұғазын пайдалану Украинаға қиындап барады. Екі мемлекет кезінде "достық пейілмен" толтырылған келісімдер бойынша пайдаланып келген көлік дәлізі өшпенділік бұғазына айналып барады.

 АҚШ президенті Д.Трамп басында "маған бұл агрессия ұнамайды, Аргентинада Путинмен сұхбаттаспайтын шығармын" деген. Сосын үлкен жиырмалықтың (G20) жиынында екеуінің кездесетіндері туралы ақпар тарады. Дегенмен САММИТ болған күні бір бірімен қол алыспай өтті. Айта кететін жаңалық - АҚШ-ң 41-президенті үлкен Джордж Буш 94 жасында өмірден өтті. Ол 1989-1993 жылдар аралығында АҚШ-ты басқарған етін.