Русский Сайттың толық нұсқасы

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын әлі де жүйелеу қажет

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2018
  • 2568

Шымкентте тағы бір мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығын ашу қажет. «Нұр Отан» партиясының өкілдері жергілікті билікке осы мәселені жеделдетіп шешуді ұсынды. Мәселен, мегаполистегі автокөлік иелеріне қызмет көрсететін жалғыз орталыққа күніне кем дегенде 1 мың 200 адам келеді. Бұл негізгі мүмкіндіктен үш есе артық. Салдарынан 15-20 минутта бітетін шаруаға жұрт жарты күн жоғалтады. Айта кетейік, бүгінде мемлекет тарапынан 740-тан астам қызмет түрі көрсетіледі. Соның 80 пайызы арнайы орталықтар арқылы жүргізіледі. Ал, қызметтің 61 пайызы электронды форматта беріледі.  

Майра АЙСИНА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ» БАҒЫТЫ БОЙЫНША КУРАТОРЫ: 

Бірақ, сол 61 пайызды да біз пайдаланбай жатырмыз. Халық себебі кішкене телефон бар мынау, сосын компьютер бар, соны пайдаланып өзіміз де атсалысумыз керек. Сонда мынау очередь те болмайды, уақытымызды да үнемдейміз. Соны үйретуіміз керек.  

А. Төребекқызы