Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан сырттан төнеген сын-қатерлерге дайын болуы керек

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2018
  • 2225

Ресей мен АҚШ арасындағы санкциялық текетірес, Қытай мен АҚШ-тың сауда шиеленісі, Сириядағы ахуал және басқа да жағдайлар бізді де айналып өтпейді. Қазақстан сырттан төнген сын-қатерлерге дайын болуы тиіс. Бүгін Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Жиында сыртқы факторлардың ұлттық қауіпсіздікке әсері және қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы қаралды. Қорғаныс министрі Қарулы Күштердің биылғы оқу жылындағы әскери дайындығы мен оны жетілдіру жөнінде қабылданып жатқан шаралардың нәтижелері туралы баяндама жасады.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Сыртқы факторлардың не болып жатқанын бәріміз білеміз. Қорғаныс саласында іс-қимылдар қалай болу керек? Болашақта, қазіргі жағдайда қатерлер болған жағдайды біз қандай шаралар қолдануымыз керек. Жоспарларды көріп шықтым. Оны біз талқылап, бүгін шешім қабылдайтын боламыз.

М. Дюсекина