Русский Сайттың толық нұсқасы

Мұнай нарығын айтарлықтай өзгерістер күтіп тұр

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2018
  • 2629

Ал, АҚШ пен Қытай сауда соғысын кейінге шегеруге келісті. Алпауыт ел басшылары Буэнос-Айроста өткен G20-да жүздескен. Бұл шешім бір жағынан мұнай нарығында тұрақтылықты сақтауға сеп болмақ. Ал, ОПЕК+ елдерінің шешуші кездесуі 5-7 желтоқсанда Венада өтеді деп жоспарланған. Онда келесі жылғы өндіріс көлеміне қатысты нақты шешім шығады. Бұған дейін ол 1,8 млн баррельге қысқарғанмен, ұйымға мүше елдер шілдеде өндірісті қайта арттырды. Бірақ, Экономикалық комиссия тәулігіне 1,3 млн баррельге қысқартуды ұсынады. Ойыншылар баррель құнын 70 доллар көлемінде ұстап тұруды көздейді. Ал, Катардың ОПЕК-тен шығуы нарыққа бәлендей әсер етпейді. Өйткені, үлесі көп емес. Мемлекет табиғи газ өндірісіне басымдық бермек. Айта кетейік, бүгін Brent маркалы мұнай бағасы 62 долларды құрады.  

А. Бектас