Русский Сайттың толық нұсқасы

Трамп Қытаймен сауда жөніндегі келіссөз басталғанын мәлімдеді

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2018
  • 2336

АҚШ пен Қытай арасында сауда жөніндегі келісім басталды. Америка президенті Дональд Трамп бұл жөнінде «Twitter»-не жазды. Оның айтуынша, келіссөз 90 күнге созылады. Ақ Үй басшысы мұның арты жақсылыққа әкеледі деп үмітті. Әйтпесе, АҚШ Қытайдан келетін азық-түлікке қомақты салық салмақ. Ал, Қытай тарапынан Коммерция министрлігі келіссөздерге бүгін де дайын екенін мәлімдеді.  

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Қытаймен келіссөз басталып кетті. Егер, оны созбаса, ол біздің Аргентинада Си президентпен өткен тамаша әрі жылы түскі астан кейін 90 күннен соң аяқталады.

Бұған дейін Аргентинада «Үлкен жиырмалық» саммитінде келіссөз жүргізген АҚШ пен Қытай басшылары сауда соғысына қатысты «Достасуға» уағдаласқан. Көршіміз америкалық өнімдерді үлкен көлемде сатып алу міндетін алды. Есесіне Америка қаңтардан бастап импорт салығын көбейтпейтін болады. Осы аралықта дауды реттеу жоспарланып отыр.  

Г. Меңдеева