Русский Сайттың толық нұсқасы

Өз атында 223 көлік бар екенін анықтаған Астана тұрғыны салықшылармен дауласып жүр

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2018
  • 2949

Астана тұрғыны 223 көлігі үшін мүлік салығын төлеуге міндеттелген. Шын мәнінде оның бірде-бір көлігі жоқ. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Шакир Хахазов осылай дейді. Депутат мұндай мысалдың бірнешеуін де келтірді. Қазан айынан бастап мыңдаған қазақстандыққа салық төлемегені үшін айыппұл салынған. Депутаттың айтуынша, тұрғындар мүліктік қарызы бар екенін сот орындаушыларынан бір-ақ біледі. Олардың қызметі 3-25 пайызды құрайды деді. Ал, салық қызметкерлерінің қателігінен 223 көлік «Иемденген» Әсел Сәменова бүгінде 10 көліктің салығынан құтыла алмай отырған көрінеді. Қателіктер қашан тыйылады, салықшылар қандай жазаға тартылып жатыр? Депутаттық сауал Қаржы министріне жолданды. 

Шакир ХАХАЗОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫ: 

Астана тұрғыны Әсел Сәменова күтпеген жерден өзінің атында 223 көлік бар екенін анықтаған. Сот оның барлық есеп-шоты мен картасын бұғаттап, келіншекке бұрын-соңды болмаған түгел бір автопарк үшін салық төлеуді міндеттеген. Ұзаққа созылған даудан кейін оның атында әлі де 10 көлік қалып отыр.

Г. Меңдеева