Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдық ірі супермаркеттер қант бағасын қолдан қымбаттатып отыр-Монополияға қарсы қызмет

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2018
  • 3817

Оралда ірі супермаркеттер өзара келісіп, қант бағасын қолдан қымбаттатып отыр. Бұл туралы өңірдегі табиғи монополияларды және бәсекелестікті қорғау департаменті хабарлады. Қазір қаладағы төрт сауда орнында қанттың бағасы келісі 233 теңгеден сатылуда. Бір емес, төрт бірдей супермаркетте бағаның бірдей болуынан күдіктенген монополияға қарсы қызмет қазір тергеу амалдарын бастап кеткен. Тексеру қорытындысы айдың аяғына дейін мәлім болмақ. Егер, күдік расталса, тапқан пайдасының 3-5 пайызы тәркіленеді. Сонымен қатар, осы саудадан түсірген пайдасы да түгелдей мемлекетке өндірілмек. Мамандар жазадан жалтармақ болған сауда орындары бағаны өзгертсе де жауапкершіліктен қашып құтыла алмайды деп сендірді.  

Нұрбол ЕСЛЯМОВ, БҚО ТМР ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: 

Ақтөбеде орналасқан екеуі, біреу Атырауда, біреуі Оралда. Төртеуі төрт жерде орналасады. Бірақ Батыс Қазақстан облысының аумағында бір уақытта, бір деңгейде бағаны көтереді. Сговор! Потому что әрбір кәсіпорынның алатын жері әртүрлі әрі алатын жері әртүрлі. Учетная политикасы да әртүрлі. Бәрі келісілген әрекет деп күтіп отырмыз.

Дегенмен, кәсіпкерлер қанттың әлеуметтік маңызға ие тағам екенін алға тартады. Қазір бұл тауар өңірге Белоруссиядан жеткізіледі. «Яғни, өнім бір жерден сатып алынған соң, бағаның бірдей болуы заңдылық»-дейді.  

Алмаз ЕЛЕУОВ, «ДИНА» САУДА ЖЕЛІСІНЕ ҚАРАСТЫ «ЛУЧШЕЕ РЕШЕНИЕ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ: 

Қазір Қазақстан бойынша қант тапшы. Бұл үкіметтік деңгейде шешіліп жатыр. Жеткізушілер бағаны қымбаттатқан соң, бағаны өсіруге мәжбүр болдық. Бірақ, үстінен қосатынымыз 5% көлемінде. Әлеуметтік маңызға ие тауар болған соң, бағаны ұстап тұру жөніндегі меморандумға әкімдікпен бірге қол қойдық.

Е. Карин