Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбелік Құралай Байменованың еңбегі көпшілікке үлгі

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2018
  • 4817

Ақтөбеде бір ғана қордың арқасында 115 мүмкіндігі шектеулі жан баспаналы болды. Сал ауруына шалдыққандарды қолдайтын қор төрайымы Құралай Байменова бұған тағдырлас жандарды жігерлендіру үшін барған. Жиырма жыл бұрын ұйым құрып, ұжымды табысты басқарып келеді.  

Құралай Байменованы Ақтөбе жұртшылығы жақсы таниды. Өзі тоқсаныншы жылдары жол апатына түсіп, арбаға таңылған. Десе де қиындыққа мойымай, мүмкіндігі шектеулі жандарды жанына жинап, қор құрды. Қоғамдық бірлестіктің қазір мыңнан астам мүшесі бар. Қор мүмкіндігі шектеулі жандардың құқы мен мүддесін абыроймен қорғап келеді. 

Құралай БАЙМЕНОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ САЛ АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН ЖАНДАРДЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:  

Біздің көмегімізге бүгінгі таңда көптеген мүмкіндігі шектеулі жандар жүгінеді. Біздің қордың есебінен Оңтүстік Кореяға барып ем алуға мүмкіндік алғандар бар. Біздің ықпалымызбен арбаға танылған жандар Қара теңізге демалысқа бара алады. Мұндай еліміздің ешқандай аумағында жоқ. Тіпті, бізде ғана пилоттық жоба жүзінде болса да мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы тұрғын үйлер салынған.

Қордың ұсынысымен жергілікті әкімдік оларға арнап баспана тұрғызды. Нәтижесінде 73 отбасы пәтерлі болды. Тағы 42 мүгедек өзге тұрғын үйлерден баспана алған. Бірлестік бастамасымен ерікті жастар клубы «Инватакси» қызметі ұйымдастырып берген. Оларға ағылшын тілін меңгеруге де жағдай жасалып отыр.  

Бағындық ЖАҢҒАНАШОВ, ӘРІПТЕСІ:  

Осы бірлестіктің екі серіктесі бар. Мүмкіндігі шектеулі бірінші топ мүгедектеріне жеке көмекші, екіншісі мүгедектері жұмысқа тарту арқылы сатып, саудамен айналысады. Өз қоғамын екі серіктестікті ұршықша иіріп отырған адам біз үшін көш басшы.

Нағыз көшбасылық қасиеті үшін Құралай Байменова Ақтөбе қаласының «Құрметті азаматы» бірнеше рет өңірдің «Жыл адамы» атанған. Ең бастысы алты жүзден астам адамды жұмыспен қамтып отыр.  

Ғалым ДӘУЛЕТАЛИН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Болашағын ойлап тұратын, берілмейтін, адами қасиеті көп. Өзіме демейді барлығн қасымдағы адамдарға болсын дейтін өзіміздің қарындасымыз. Қанша адамға жұмыс тауып беріп отыр. Мүгедек жандардың жүрегі бізден артық. Олардың істеп отырған кәсіптері 12 мүшесі сау адамнан артық.

Құралай Байменова отбасында аяулы ана, немере баққан асыл әже. Ал, өмірлік жолдасы оны қолдаудан жалыққан емес.   

Б. Рахметова