Русский Сайттың толық нұсқасы

12 жылдық білім беру жүйесі талқыланды

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2016
  • 4900

Еліміздегі орта білім беретін мектептер 12 жылдық білім жүйесіне толық дайын емес. Ақмола облысының өзінде білім ордаларының 80 пайызы шағын жинақты мектептер санатына жатады екен. Бүгін «Нұр Отан» партиясының сайлау алды бағдарламасында білім бағыты бойынша жиналған комиссия мүшелері осылай деді.

Әбдіманап Бектұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің  депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Бізде Қазақстанда көптеген жинақталған шағын мектептер бар. Соның ішінде Солтүстік Қазақстанда 88 пайыздайы шағын мектептер. Сондай жағдайларда қалай өтеміз 12 жылдыққа. Проблема жоқ па екен? Ондай мәселе Ақмола облысында, мысалы, 80 процент. Қостанай, Павлодар, Ақтобе, Шығыс Қазақстан облысында да малокомплектный мектептер 67 пайыздың үстінде.

Білім комиссиясының басты мақсаты - қауіпті жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектептерге кететін шығынды қадағалау және 12 жылдық білім беру жүйесіне оқушылар мен мұғалімдерді дайындау болып табылады. Комиссия мүшелерінің айтуынша, қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдардың 44 пайызында орын тапшы. Білім ордаларының 55 пайызында биология, химия кабинеттері талаптарға сай емес. Биыл Қазақстан бойынша 5745 мектепке толыққанды жөндеу жұмыстары қажет болып, оның тек 378-і ғана қайта жөндеуден өтіпті. Сондай-ақ 2020 жылы 12 жылдық білім беру толық енгізілгенде оқушылар 5 күн оқып, 2 күн демалатын болады. Биылғы жылы бірінші сыныптардың саны 509-ға көбейгенін ескерсек, оларға қажет оқулықтар мен мұғалімдерді де талаптарға сай даярлау қажет, - деді комиссия мүшелері.

Эльмира Суханбердиева,  ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

Қазақстанда заң бойынша 11 сыныптық жүйе бойынша мектепке 6-7 жастан бастап барады. Ал 2019 жылдан бастап мектепке 6 жастан бару енгізіледі. Бұл "Білім туралы" заңның 31 бабында көрсетілген. Мектепке дейінгі даярлық сыныбына бірыңғай білім беру енгізіледі. Оған бес жастан бастап балалар қабылданады. Осыны қосқанда 12 жылдық білім беру жүйесі қалыптасады.