Русский Сайттың толық нұсқасы

М.Әшімбаев Жапонияның ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Кавабатамен кездесті

  • AstanaTV
  • 07 желтоқсан 2018
  • 2075

Мәулен Әшімбаев Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Кавабатамен кездесті. Жапон дипломаты Қазақстандағы өз миссиясын аяқтап жатыр. Партия төрағасының бірінші орынбасары елшіге «Нұр Отан» мен Жапонияның Либералдық-демократиялық партиясы басшыларының арасында байланысты орнатуға ықпал етудегі жемісті жұмысы үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, Қазақ- Жапон қарым-қатынасын дамытудағы қосқан үлесін атап өтті. Былтыр екі ел арасында тауарайналым көлемі 1,3 млрд. долларды құрады.   

М. Дюсекина