Русский Сайттың толық нұсқасы

«Абу Даби Плаза» кешенінің мердігерлері салықтан жалтармақ болған

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2018
  • 1971

Астанадағы «Абу Даби Плаза» кешенін салып жатқан мердігер мемлекетке милиондаған теңге салық төлеуден жалтарған. Бұл ақпарат қалалық прокуратураның ресми сайтында жарияланды. Құзырлы органның хабарлауынша, тек биылдың өзінде құрылысшылар салық сомасын үш мәрте төмендетіп көрсеткен. Шетелдік компания өз декларациясында жалақы қорындағы 4 миллиард теңгені тек бір миллиард деп көрсеткен. Дәл осындай әрекетке Астанадағы «WORLD MONITORING» рекрутингктік компаниясы да барып, салыққа кететін ақшаны үнемдемекші болыпты. Енді олар бұл пиғылдары үшін Астана қалалық мемлекеттік кірістер басқармасында жауап беретін болады.  

«WORLD MONITORING» серіктестігі 136 миллион теңге жалақы төлей тұра, қордағы қалдықты нөл теңге деп көрсетіп, салықтан жалтармақ болған. Тексеру қорытындысына сай екі компаниядан мемлекет пайдасына 630 миллион теңге өндірілді.