Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда бір жылдың ішінде барлық ет түрлері мен ет өнімдерінің бағасы өсті

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2018
  • 4383

Қазақстанда бір жылдың ішінде барлық ет түрлері мен ет өнімдерінің бағасы өсті. «Ranking.kz» сайтының хабарлауынша, жылқы еті 10 жарым пайызға қымбаттаған. Қазір ол 1745 теңгеден саудаланып жатыр. Ал, былтыр дәл осы уақытта оның нарықтағы бағасы 1580 теңгедей болатын. Шошқа еті бір жылда 7, сиыр еті 6,7, ал тауық еті 6,4 пайызға өсіпті. Қой еті болса, былтырғы бағасынан 5,3 пайызға қымбаттаған. Аналитиктер етке құмар өңірлердің рейтингін де түзіпті. Нәтижесінде ет пен одан жасалатын өнімдерді Қарағанды, Павлодар облысының тұрғындары басқаларынан көбірек жейтін болып шықты. Алматы, Ақмола, Атыраулықтар да олардан қалысар емес. Бұл сараптама соңғы тоқсанның мәліметтері бойынша жасалған.