Русский Сайттың толық нұсқасы

Көктал-1,2 ауданының тұрғындары алдағы қыста отын жақпайды

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2018
  • 3519

Келер қыста Астанадағы жылу электр станцияларының қазандықтары газға көшеді. Ал, Көктал-1, 2 ауданының тұрғындары да ендігі қыста отын жақпайды. Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев осылай деп мәлімдеді. Елордаға «Сарыарқа» магистральді газ құбыры тартылған соң көгілдір отын бағасы 47-50 теңгені құрайды. Мәселен, 100 текше метрді құрайтын жеке тұрғын үй ай сайын газға 15-20 мың теңге жұмсайды. Ал, үйге газ тарту құны шамамен 150-500 мың теңге аралығында болмақ. Бүгінде жекеменшік үйлер жылына 400 мың тонна көмір жағады. Елордаға газ тартылған соң Жылу электр станцияларының көмір тұтыну көлемі 650 мың тоннаға азаяды. Жекеменшік сектордан ауаға келетін зиянды қалдық 35 мың тоннаға кемиді.  

Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ,ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Астанаға газ құбыры тартылған соң, бағасы көмірден жоғары болғанымен, тұрғындар табиғи газды тұтынады деп есептеймін. Оның қатты отынға қарағанда қоршаған ортаға да, күнделікті тіршілікке де тиімділігі жоғары.

А. Бектас