Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент бизнесті халыққа қажетті қарапайым заттарды шығаруға шақырды

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2018
  • 2695

Президент бизнесті халыққа қажетті қарапайым заттарды шығаруға шақырды. Ол: «Зауыт ашып, көлік құрастыруды қиялдап жүргенде ұсақ-түйектен бастап киім-кешекке дейін шетелден сатып аламыз»-деді. Бүгін ел нарығы жаңа 28 компаниямен толықты. Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру күні шеңберінде дәстүрлі телекөпірге қатысты. Онда теміржол дөңгелегі, трансформатор, цемент шығаратын зауыттан бастап, түйе сүтін экспорттайтын кәсіпорынға дейін ашылды. Өнімнің 90 пайызы шетелге шығады. «Golden Camel Group» компаниясы елдің оңтүстігінде түйе шаруашылығын дамытпақшы. Жоба қытайлармен бірлесіп іске асты. Ал, Маңғыстау мен Жамбыл облысында баламалы қуат алатын кәсіпорындар іске қосылды. 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Жақында ЭКСПО аумағында ІТ-стартаптар бойынша жұмыс басталды. Ол жерде жастардың жұмысымен және олардың ойлап тапқан жаңа идеяларымен таныстық. Олар жобаларын өндіріске беруге дайын. Алайда, коммерцияландыру баяу жылжып келеді.

Сондай-ақ, бүгін еліміздің үздік кәсіпкерлері марапатталды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіндегі республикалық «Парыз» сыйлығының бас жүлдесі, Президенттің гран-приі «Қазцинк» компаниясына табысталды. Ал, «Алтын сапа» сыйлығының «Ең үздік индустриалдық жоба» аталымында «AZALA Textile» үздік танылды. Мақта-мата өнімнің халықаралық өндірушісі. Компания экспортының үлесі 65 пайызға жеткен. «Үздік инновациялық жоба» аталымы бойынша «KazTechInnovations» топ жарды. Оның құрылғылары 360 градус режімде бейне түсірілім жасауға мүмкіндік береді.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

У нас не хватает своих бытовых приборов. Импортируем одежду и всякую чепуху, которую в Казахстане можем делать. Мы витаем где-то в облаках: заводы надо делать, транспорт надо делать. А люди нуждаются в простых вещах. Узнать больше Повторить Мы все одеваемся в заграничные дорогие одежды. Почему нам не производить внутри себя? Я знаю, что наша легкая промышленность производит очень хорошие товары сегодня. Не умеем планировать, не умеем пользоваться отечественными товарами.

Саланатты шараның толық нұсқасын бүгін кешкі сағат 22/00-де арнамыздан көре аласыздар. 

М. Дюсекина