Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық қорға түскен түсімдер 60,5%-ға өсті

  • AstanaTV
  • 12 желтоқсан 2018
  • 2117

Биыл Ұлттық қорға 2,9 трлн теңге түсім түскен. Өткен жылмен салыстырғанда салық және төлемдер көлемі 60,5%-ға өсіп отыр. Қазынаға түскен қомақты қаражатты негізінен батыс аймақтар аударған. Атырау қаласы 1,3 трлн теңге пайда тапқан. Одан кейінгі орындарда Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстары тұр. Қызылорда мен Алматы облысының пайдасы да 145 млрд теңгеден асады. Қалған облыстардың түсімі 100 млрд теңгеге жетпейді. Солтүстік Қазақстаннан 2,2 млн теңге түссе, ал Павлодар облысы небәрі 323 мың теңге аударған. Ал, Шымкент қаласы мен Қостанай облысындағы түсімдер әлі жүргізілмеген.  

Ә. Өмірзақ