Русский Сайттың толық нұсқасы

Францияның Страсбург қаласында белгісіз ер адам қала тұрғындарына оқ жаудырған

  • AstanaTV
  • 12 желтоқсан 2018
  • 2128

Францияда теракт. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қаза тапқандар мен жараланғандар арасында қазақстандықтар бар-жоғын анықтап жатыр. Ал, оқиғадан зардап шеккендерді елшілікке хабарласуға шақырады. Францияның Страсбург қаласында белгісіз ер адам қала тұрғындарына оқ жаудырып, 4 адам қаза тапты. 12 адам жарақат алған. «Рейтерс» агенттігінің хабарлауынша, олардың хәлі ауыр. Ал, оқ атқан адам ұсталған жоқ. 350 адам полиция қызметкері оны іздесуге кіріскен. Олардың дерегінше, қылмыскер 29 жаста. Осыған дейін де Германия мен Францияның күш құрылымдарының назарына іліккен. Оның үйін тінту кезінде жарылғыш заттар табылып отыр. Ал, бүгін елде қаза тапқандарды аза тұтып жатыр. Сондықтан, рождестволық жәрмеңкелер жабылған.

Кристоф КАСТАНЕР, ФРАНЦИЯНЫҢ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ: 

Қазіргі уақытта Францияда лаңкестікке қарсы іс-шаралар жоспары күшейтілді. Үкімет лаңкестік қаупінің ең жоғары деңгейін жариялауға шешім қабылдады. Шекараларда күшейтілген бақылау іске асырылады. Сондай-ақ, Францияның барлық Рождестволық базарларында да бақылау күшейтіледі.

Ә. Өмірзақ