Биыл республикалық маңызы бар жолдарды қайта жөндеуге триллон теңгеден астам қаржы жұмсалған. Яғни, 70 мың шақырымнан астам жол қайта жөңделді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының «Көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту» жөніндегі комиссия отырысында айтылды. Депуттаттар қауымы қыруар қаржы бөлінсе де, кейбір жолдардың қауіп тудыратына наразы. Мәжіліс депутаты Бейбіт Мамыраевтың айтуынша, мердігерлер жол салуға келгенде асығыстық танытады. Бұл жолдың сапасыз жөнделуіне әкеліп соғады деп отыр.
Бейбіт МАМЫРАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Қазақстанда жақсы да сапалы жолдар салынып жатыр. Дегенмен, әлі де болса проблемалар бар. Ол проблемалар көп факторға байланысты. Мердігерлер уақытында өз міндеттемелерін орындамайды. Теміртау-Қарағанды жолы ол жолды толығымен қауіпсіз деп айту өте қиын. Жаңбыр жауғанда жол тайғақ болғанда өте қауіпті. Ол жолды тездетіп өз сапасына келтіру керек.
Д. Сапарқызы