Русский Сайттың толық нұсқасы

Пойыз апатынан 7 адам қаза тауып, 50 жолаушы жарақат алды

  • AstanaTV
  • 13 желтоқсан 2018
  • 2775

Түркия астанасынан 8 км жердегі теміржол стансасында жүрдек пойыз апатқа ұшырап, 7 жолаушы қаза болды. Елуге жуық адам түрлі деңгейде жарақат алған. «Reuters» агенттігінің хабарлауынша, сағатына 90 км жылдамдықпен келе жатқан пойыз құрамы жолда тұрған локомотивпен қақтығысып, эстакадаға барып соғылған. Нәтижесінде екі вагон рельстен шығып, аударылып түскен. Апат стансадан шыққаннан 4 минут өткен соң болған. Оқиға орнында құтқару қызметі мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Ал, Анкараның прокуратурасы тергеу жұмыстарына кірісіп кеткен. Құқық қорғау органы жүрдек пойыздың жолына локомотивтің қалай тап болғанын анықтауы керек.  

Д. Қайыртай