Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысының қарапайым халқы мұқтаж отбасыларға тегін үй салып беріп жатыр

  • AstanaTV
  • 14 желтоқсан 2018
  • 3722

Көп түкірсе көл болар. Түркістан облысында ауыл азаматтары көпбалалы жесір әйелдерге баспана салып берді. Ол-Ордабасы ауданына қарасты Шұбарсу елді мекенінің қарапайым тұрғындары. Аумағы 100 шаршы метр болатын жапсарлас салынған тұрғын үй көпбалалы екі отбасыға берілді. Солардың бірі-6 баласы бар Ақмарал Жолдасова. 37 жастағы келіншектің жолдасы осыдан бес жыл бұрын өмірден озған. Асыраушысынан айрылғалы балаларын жеткізу үшін біреудің малын бағып, тіпті әжетхана да жуғанын айтады.  

Ақмарал ЖОЛДАСОВА, ШҰБАРСУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  

Бес жылда 20 квартира ауыстырдым Шұбарсуға келгелі. Кваритирадан квартираға жүргеннен кейін әкімшілікке кірдім. Ол үйдің кезегі маған әзір түспейді деп айтқан баста. Енді Құдай бұйыртқан шығар, аяқ астынан, ойбай деп... өзім де таң қалдым.  

Қайырымдылыққа бастамашы болған кім? Көпке үлгі болар іске ауыл халқы қаражатты қайдан тапты? Әріптесім Айзада Төребекқызы ертең 20:00-де «Біздің уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасында тарқатып айтады.  

А. Төребекқызы