Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Президенті Ян Гамачекпен кездесті

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2017
  • 2043

Нұрсұлтан Назарбаев Чех Республикасы Парламентінің Депутаттар палатасының төрағасы Ян Гамачекпен кездесті. Кездесу барысында мемлекет басшысы парламентаралық кооперациясының маңыздылығын атап өтіп, екі елдің экономика және саясат саласындағы қарым-қатынасын одан әрі дамытуға Қазақстанның әзір екенін жеткізді. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев  Чех Республикасының президентін «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуына күтетінін айтты. Ян Гамачек өз кезегінде мемлекет басшысын Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтап, жас мемлекетіміздің одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ваш визит очень важен. С Чешской Республикой у нас изначально сложились добрые отношения. Президент Чешской Республики М.Земан был у нас в гостях. Теперь мы ждем его на открытии выставки «ЭКСПО-2017». Межпарламентские встречи очень важны, поскольку Чехия важный партнер Европы для нас. Мы готовы строить хорошие отношение и в политике, и в экономике.