Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей валюта курсын көшедегі таблоларда көрсетуге тыйым салды

  • AstanaTV
  • 19 желтоқсан 2018
  • 3257

Ал, Ресейдің өзінде бұдан былай валюта бағамы туралы ақпаратты көшеден кезіктірмейсіз. Көрші ел мұндай таблоларды орнатуға тыйым салды. Ресей Орталық банкі өкілдерінің айтуынша, бұл тақталарды әдетте тіркелмеген валюта айырбастау пункттері іледі. Жаңа заң көлеңкедегі қаржы ұйымдарымен күресуді көздейді. Осылайша, Орталық банк сыртқы жарнамаларға шектеу қою арқылы астыртын бизнеске тосқауыл қоямыз дейді. Ал, екінші деңгейлі банктер бұрынғыдай халықты валюта бағамы туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Ол БАҚ пен мобильді қосымшалар арқылы жүзеге асады. Сенаторлар заң жобасын қолдап, 11 желтоқсанда дауыс берген.  

А. Сейфулла