Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытай ешкімге қысым көрсетпейді

  • AstanaTV
  • 19 желтоқсан 2018
  • 2726

Қытай өзі даму үшін өзгеге қысым көрсетпейді. Саяси реформа мен ашықтықтың 40 жылдығана орай өткен есептік кездесуде төраға Си Цзиньпин осылай деп мәлімдеді. Ол қытайларға да ешкім айтқанын істете алмайтынын атап өтті. Оның баяндамасы негізінен соңғы он жыл ішіндегі экономикалық жетістіктерге арналды. Айтуынша, мемлекеттік саясат арқасында миллиондаған қытай кедейліктен құтылды. Алайда, баяндамада АҚШ-пен арадағы «Тарифтік соғыс» секілді бүгінгі экономикалық проблемалар туралы бір ауыз сөз болмады. Сарапшылар аталған мәселе нақ осы сәтте көтерілу керек еді дейді. Сондай-ақ, төрағаның екі ел арасында орнаған татулық туралы тіс жармағынын да атап өтті. Соған қарағанда қытай көшбасшысы өз бағытын дұрыс деп есептейді және АҚШ-пен бәсекелесуге қауқарлы екенін білдіргісі келген сияқты.  

Си ЦЗИНЬПИН, ҚХР ТӨРАҒАСЫ: 

Қытай ешқашан өзгелердің пайдасы есебінен дамымайды. Бірақ, өзінің де заңдық құқықтары мен қызығушылықтарынан бас тартпайды. Біз қорғаныс саясатын ұстанамыз. Қытайдың дамуы еш елге зиянын тигізбейді. Мемлекетіміз қанша өссе де біреуге басымдық көрсетуге ұмтылатын ойымыз жоқ. Сонымен қатар, ешкім қытай халқына да не істеп не қою керектігін айтып, бұйыра алмайды.

А. Сейфулла