Русский Сайттың толық нұсқасы

Теміртаудағы металлургия зауытында мереке күндері жарылыс болды

  • AstanaTV
  • 19 желтоқсан 2018
  • 4176

Металлургия зауытында тағы жарылыс болды. «Арселор Миттал Темиртау» компаниясының хабарлауынша, оқыс оқиға желтоқсанның 17-сі күні, жоғары қысымды азот құбырын тексерген кезде болған. Компания мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Шамамен бір ай бұрын тап осы жерде жарылыс болып, бірнеше цех пен құбыр желісі бүлінген болатын. «Арселор Миттал» өкілдері, «Бірнеше жарылыс болды» деген ғаламтордағы ақпаратты теріске шығарып отыр. Қазір кәсіпорын жұмысшылары қираған қондырғыларды қалпына келтіріп, цехтарды жөндеуге кіріскен. Ал, қондырғы басқа мемлекеттерден алынады. «Сондықтан, оған қосымша уақыт қажет»-дейді. Айта кетелік, зауыт басшылығы желтоқсан айының ортасында өндіріс қарқынын арттыруды жоспарлаған еді.  

Е. Карин