Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Ерлан Сағадиевті қабылдады

  • AstanaTV
  • 08 ақпан 2017
  • 2091

«Білімді мамандарсыз технологиялық жаңғыру мен «Сандық Қазақстан» жобасын жүзеге асыру мүмкін емес». Бүгін Білім және ғылым министрін қабылдаған мемлекет басшысы білім жүейесіндегі өзгерістерге тоқтала келіп, оларды ақпараттық тұрғыдан қолдау керектігін айтты.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша есеп берген Ерлан Сағадиев президентке білім берудің жаңартылған мазмұндағы форматын енгізуге, бес күндік оқу аптасына көшуге, базалық оқулықтар әзірлеуге қатысты министрлік жүргізіп жатқан реформалар туралы баяндады. Ал Нұрсұлтан Назарбаев ел ішінде және шетелде кадрларды даярлау ісі бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілгендігін айтты. «Үш тілде білім беруге, цифрлық оқыту әдісіне көшіп жатырмыз. Министрлік алдында бұл саланы одан әрі дамытуға байланысты зор міндеттер тұр», - деді президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Жастарды дайындап, оқытып шетелден, өзімізден маман дайындадық. Кешегі айтқан жолдау, жаңа технологиялық революция, цифровой Қазақстан, оның бәрі білімді мамандарсыз болмайды. Сондықтан негізгі жұмыстарың сіздерге байланысты болады - жастарды оқыту, мамандарды дайындау.