Нұрсұлтан
Назарбаев Астанадағы құрылыс жобаларының қарқынымен танысты. Бүгін ол «Астана
Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінде болды. Жауапты мамандар
Мемлекет басшысына елорданың сәулет және қала құрылысы саласында атқарылып
жатқан жұмыстар туралы баяндады, -деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бұдан бөлек, Президент қаланы дамытуға бағытталған бірқатар жобаның іске
асырылу барысымен танысты. Оның ішінде инфрақұрылым және әлеуметтік-мәдени,
коммерциялық мақсаттағы нысандар құрылысы бар.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ