Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы құрылыс жобаларының қарқынымен танысты

  • AstanaTV
  • 09 наурыз 2017
  • 2331

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы құрылыс жобаларының қарқынымен танысты. Бүгін ол «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды.  Жауапты мамандар Мемлекет басшысына елорданың сәулет және қала құрылысы саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, -деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Бұдан бөлек, Президент қаланы дамытуға бағытталған бірқатар жобаның іске асырылу барысымен танысты. Оның ішінде инфрақұрылым және әлеуметтік-мәдени, коммерциялық мақсаттағы нысандар құрылысы бар. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ