«Нұр Отан» партиясы даун синдромына шалдыққан балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, бүлдіршіндерге жаңа жылдық сыйлықтар табыстады. Бұл бастама «Кедергісіз келешек» жобасы аясында республиканың барлық өңірінде өтіп жатыр. Балалары сауығып кетеді деген үміттері бар ата-аналарға Астанадағы «Солнечный мир» секілді орталықтар үлкен мүмкіндік беріп келеді. Қазір орталықта керекті тіл жаттықтырушы, психолог мамандарының барлығы бар. Екі жыл ішінде 200-ден аса бала оңалту орталығында емделген. Айта кету керек, олар үшін емдеу тегін жүргізіледі.
Мәди ОСПАНОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Науқас балаларды жыл сайын құттықтауды дәстүрге айналдырдық. Осындай күрделі аурумен ауыратын бүлдіршіндерге көмек көрсетуге себепкер «Солнечный мир» қорына ерекше алғыс жеткізгіміз келеді. Осылай адамдар бір-біріне көмек көрсетіп жүрсе, өмірдің мәні осында деп ойлаймыз. Ойыншықтар алған бүлдіршіндер керемет көңіл-күйде қалды. Сондықтан, жақсылық жасауда жарысайық.
У. Қабылтайұлы