Бөлме аралық қабырғаларды бұзып, қалаған дизайн жасауға енді рұқсат керек емес. Тиісті министрлік келесі жылдан бастап заңға осындай өзгеріс енгізбек. Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев осылай деді. Вице-спикер Владимир Божко тұрғындар үйдегі бөлмелерді өзгерту үшін жауапты органдардың шешімін айлап тосатынын айтқан болатын. Енді ескерту арқылы, іске асыру мүмкіндігі қаралады. Дегенмен, механизмі әлі нақтыланады.
Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Внесены поправки о том что по изменений перепланировки не несущие конструкциий соглосований не будет требоваться.
- Оо, граждани вам низкий поклон сделают.
М. Дюсекина