Русский Сайттың толық нұсқасы

Индонезияда 300 адамның өмірін жалмаған жойқын апат қайталануы мүмкін

  • AstanaTV
  • 24 желтоқсан 2018
  • 4126

Индонезиядағы табиғи апаттан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер минстрлігінің ресми өкілі хабарлады. Қаралы хабарды естіген Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Индонезия президенті Джоко Видодоға көңіл айту жедел хатын жіберді. Президент елдегі қайғы-қасіретке ортақтасатынын жазған. 22 желтоқсанда Индонезияның Сулавеси аралында, яғни, батысындағы Зонд бұғазының жағажайын зілзаладан туған цунами толығымен шайып кетті. Ол Анак-Кракатау аралында жанартаудың атқылауынан болған. Мыңнан астам адам зардап шеккен. Ал, жойқын апаттан көз жұмғандар саны 300-ге жетуі мүмкін. Өйткені, 57 тұрғын із-түссіз жоғалған. Толқын алты жүзден астам үйді, көлік жолдарын, инфрақұрылымдарды қиратып, шайып өткен. Қазір зардап шеккен аймақтарда құтқару операциялары жүргізіліп отыр. Бүгін Индонезия президенті бұл апаттың басы ғана болуы мүмкін екенін мәлімдеді.   

Джоко ВИДОДО, ИНДОНЕЗИЯ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Көзіміз жеткендей құтқару қызметінің алдын ала болжамдары үнемі дәл келе бермейді. Сондықтан, цунамидің ауыр зардабына тап болдық. Тағы да тасқын болады деп күтіледі, өлім-жітімнің алдын алу үшін тиісті қызметтерге жағалауда орналасқан аймақтарды алдын ала дайындауды тапсырамын.

Д. Сапарқызы