Русский Сайттың толық нұсқасы

Мұнай бағасы 51 долларға дейін арзандады

  • AstanaTV
  • 25 желтоқсан 2018
  • 2575

Қара алтын құны күрт құлдырады. Өткен жылдың тамыз айынан кейін алғаш рет мұнай бағасы 51 долларға дейін арзандады. Сарапшылар бұны қор нарығының төмендеуімен байланыстырып отыр. Осылайша, WTI мұнайының бір баррелі 42 долларға саудалануда. Оның үстіне 22 желтоқсанда АҚШ Үкіметі жұмысын уақытша тоқтатты. Өйткені, конгресс пен Ақ Үй қаржы бөлу мәселесінде келісімге келе алмай жатыр. Бюджет уақытында қабылданбаған. Ал, Дональд Трамп Мексикамен арадағы шекараға қорған орнатуға қаржы бөлінбесе, құжатқа қол қоймайтынын мәлімдеді. Сенаттың бюджетті бекіту туралы кезекті отырысы 27 желтоқсанда өтпек.  

А. Бектас