Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаңа жыл алдында азық-түлік бағасының қымбаттауы негізсіз

  • AstanaTV
  • 25 желтоқсан 2018
  • 2363

Азық-түлік негізсіз қымбаттап жатыр. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасының шарықтауына жол берген шенділерді сынға алды. Ол облыс әкімдеріне бағаны ауыздықтау үшін тұрақтандыру қорларын тиімді пайдалануды тапсырды. Оған қоса сұранысқа ие тауарлардың құнына әкімдер шекті баға қоймай отыр. Осының кесірінен саудагерлер мереке алдындағы сәтті пайдаланып, ойларына келген бағаны қоятын көрінеді. Үкімет отырысынан Мөлдір Бақытқызы тарқатады.  

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жаңа жыл алдындағы аптада азық-түліктің орта есеппен небәрі 0,3 пайызға ғана қымбаттағанын айтып ақталғандай болды. Есесіне, қырыққабат пен қант барлық өңірде дерлік 15 пайызға шарықтаған. Қант өндіретін шикізат құны әлемдік нарықта өсіп жатыр. Ал, қалған азық-түлік бағасының аспандауы облыс әкімдерінің сылбыр жұмысының кесірі көрінеді. 

Бақытжан САҒЫНТАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:  

Айттыңыздар қорда қаржы бар «Стаб фондта» азық-түлік жеткілікті деп. Бақылау жоқ. Огурцы, помидор бәрі кетіп жатыр. Бағасы шарықтап жатыр. Оған қарап жатқан ешкім жоқ. Бақылауға алыңыздар!

Азық қымбаттағанмен-тариф арзандайды. Оның өзі Прездиент пәрмен беріп, монополистер қыспаққа ұшыраған соң, мүмкін болып отыр. Жаңа жылдан бастап-жаңа тариф. Осылайша, халық 28,5 млрд теңгесін үнемдейді. Тариф арзандайтын облыстар тізімінде, кейбір өңірлер жоқ. Сағынтаев әкімдерге 5 күн мұрсат берді.    

Бақытжан САҒЫНТАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:  

Почему-то другие регионы нашли решения. Ал, кейбіреулері әр түрлі сылтаулармен өзінде қалған. Мұны қалай түсінуге болады? Орысша айтақанда «пошли на поводу у монопоистов». 1 қаңтарға дейін уақыт бар. Шешім шығарыңыздар.  

Энергия өндіретін мекемелердің қарызы азаймай тұр. «ҚазТрансАймаққа»-6,5 млрд берешек. «Богатырь көмірге» 387 млн теңге қарыз. Ең көбі «Жайық жылу энерго»-ның борышы. 3,6 млрд газға берешек. «Алматы жылу энерго»-1 млрд, қалғандары 900 млн қарыз. Бозымбаев премьер-министрден әкімдерге «құлаққағыс» етуді өтінді. Ал, халық Үкіметтің «жылуын» сезіп отырғанына ол сенімді.  

Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:  

«Жылы болмай қар кетпес» демекші, тұрғындар биылғы жаңа жылды жылы және жақсы көңіл күймен қарсы алуына барлық жұмысты жасап жатырмыз. Меніңше, біздің азаматтарымыз Үкіметтің ерекше жылулығын сезінеді деп ойламын. Солай болуына тілектеспін. Баяндамам аяқталды.

 - Баяндамаңызды жақсы аяқтадыңыз. Лайым солай болғай.

Энергетика министрі «жаңа жылдық тілек» айтып жатқанмен, биылғы жұмыс әлі біткен жоқ. 29 желтоқсан күні өтетін Үкімет отырсында «монополистердің жетегінде кеткен» әкімдер тарифтердің қалай және қаншаға арзандайтынын айту керек.   

М. Дюсекина