Русский Сайттың толық нұсқасы

Қияр бағасының мың теңгеге дейін қымбаттауы күннің суытуына байланысты-ҚР АШМ

  • AstanaTV
  • 26 желтоқсан 2018
  • 3723

Қияр бағасының мың теңгеге дейін қымбаттауы күннің суытуына байланысты. Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері осылай деп отыр. Елде жыл сайын 540 мың тонна қияр өсіріледі. Халықтың қажеттілігі-490 мың тонна. Жылыжайлардың көбі Түркістан облысында. Қиярды ақ қар, көк мұзда үсіріп алмау үшін өңір-өңірге арнайы температурамен жеткізіледі. Өнім бағасына осы тасымал құны да кіреді. Одан бөлек қияр құнына коммуналдық қызметтердің тарифі де әсер етіп отырған көрінеді.  

Шәймерден АХМЕТОВ, ҚР АШМ НАРЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бір келі қиярды жылыжайлардың өзінен 950 теңгеге сатып аласыз. Неге бұлай қымбат? Себебі, электр қуатының бағасы осы жылы 5 пайызға, ал жылу 7 пайызға өсті. Бұл тауардың өзіндік құнына әсер етпей қоймайды. Қазір Оңтүстік өңірде қиярдың келісі 600 теңгеден саудаланып жатыр екен. Ал, Астанада одан екі есеге қымбат. Өйткені, жергілікті жылыжайлардың өндірістік қуаты жетпейді де, тапшы өнімнің бағасы көтеріледі. Бұл-нарық заңы.

Д. Қайыртай